Билл Гейтс коронавирустың қашан бәсеңдейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің болжауынша, COVID-19 қаупі 2022 жылдың жазында азаяды.
Бұл туралы ол Майкл Блумбергтің Жаңа экономикалық форумында сөйлеген сөзінде айтты.
Гейтс бұған табиғи иммунитет пен вакцина, сондай-ақ COVID-19-ды емдеуге арналған препараттардың шығуы ықпал етеді деп санайды. Миллиардердің ойынша, осының арқасында COVID-19-дан өлім-жітім және аурудың ауыр жағдайларының үлесі келесі жазда «маусымдық тұмаудың тиісті деңгейінен де сәл төмен болуы мүмкін».
Сонымен бірге ол ол жаңа штамдар пайда болмаса ғана бұл болжамдар мүмкін болатынын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы