Билл Гейтс коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімсіз екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс CNN телеарнасының эфирінде коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімсіздігі туралы ескертті.

Миллиардер ғалымдар  індетті імдеп қана қоймай, инфекцияның басқа адамдарға берілуін тоқтататын вакцина әзірлеуге ниетті екенін айтты. 

Вакцина инфекцияның берілуін тоқтатады деп кепілдік берілмейді, - деп атап өтті ол.

Алайда Гейтс ағзаның ауруға қарсы иммундық әсерінің тиімділігін жоғары бағалады. Microsoft негізін қалаушы мықты иммунитеттің болуы адамды кем дегенде бір жыл бойы қайта жұқтыру қаупінен қорғайды деп санайды.

Гейтстің пікірінше, қоғамға вирустың таралуының барлық салдарын толық еңсеру үшін бір жылдан екі жылға дейін уақыт қажет. Осылайша, пандемияның бірінші кезеңінен шығу үшін жұқтырудың экспоненциалды фазасына оралу қаупін болдырмайтын қызмет жүйесін құру қажет. Ол адамдар жұқтыру мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіріп, вирус мінез-құлқын күрт өзгертуі мүмкін деп ойлайды.
Билл Гейтс пен әйелі Мелинда екеуі COVID-19-бен күресуге 19 100 миллион доллар бөлген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы