Білімді ұрпақ барда еліміздің ертеңіне сеніммен қарауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Әбдірахман мен Динара Замантаева өте дарынды, талантты жеткіншектер. Бұйыртса биыл Италияның Сорренто қаласында өтетін ЮНВТО жаһандық жастар туризмі саммитінде еліміздің атынан өнер көрсеткелі отыр, - деп  жазады facebook парақшасында Дәурен Абаев.
 

Ол жас жеткіншектердің барлық жетістігін жай ғана тізіп айтып шығу мүмкін емес екенін де айтып өтті. 

Екеуі де оқуларында озат, ана тілінде еркін сөйлейді, ағылшыншалары судай. Серікқали тіпті киноға түсіп, PVE киноакадемиясының  «Үздік ер адам рөлі» номинациясының жеңімпазы атанып та үлгеріпті. «Жасанды интеллект» тақырыбында жеке жоба да қорғап тастаған. Суға жүзуді ұнатады екен. Ал, Динара болса –  өзі оқып жатқан мектептің Президенті,- дейді  министр.
 

Оның айтуынша Динара бірнеше мәрте республикалық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы әрі волонтер, ЮНЕСКО клубтары ұлттық федерациясының мүшесі екен.

Олар туралы айтып мақтана берсем де болады.  Бірақ бір сөзбен айтқанда екеуі де алғыр, білімді, нағыз зияткер оқушылар. Осындай жастарымыз барда еліміздің ертеңіне қашанда сеніммен қарауға болады, - деді ол

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы