Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Аймағамбетов вице-министрлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берді. 

Күн тәртібінде нормативтік-құқықтық актілердің тақырыптары, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары аясындағы жаңа заңнамалық түзетулер қаралды. 

Сонымен қатар министр ҰБТ-ны өткізу, олимпиаданың облыстық кезеңі, осы жылы оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп автобустары паркін жаңарту, ҰБДҚ деректерін кезең-кезеңімен ашу, мемлекеттік мектептердің жан басына қаржыландыру кезінде түзету коэффициентін қайта қарау, 1-сыныпқа балаларды қабылдау және т.б. қатысты тапсырмалар берді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы