5 Қараша 2025, 23:27
Фото: ҚР Жоғары аудиторлық палатасы
Білім саласындағы бірнеше лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Мемлекеттік аудит нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігінің, жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.
Мемлекеттік аудит нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігінің, жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.
Биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне қатысты аудит жүргізілген. Тексеру барысында педагогтерді даярлау, жұмысқа орналастыру және білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз ету бағыттарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды тапсырған.
Нәтижесінде тәртіптік шаралар төмендегі лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылды:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім және Білім сапасын қамтамасыз ету комитеттері төрағаларының орынбасарлары;
- Бірқатар университеттердің ректорлары мен проректорлары, соның ішінде Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Ш. Есенов атындағы Каспий университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ және тағы басқалар;
- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері.
Жоғары аудиторлық палатаның хабарлауынша, аудит нәтижесінде берілген өзге де ұсынымдардың орындалуы бақылауда тұр.
- Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр 10:54
- Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды 10:50
- Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады 10:31
- ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті 10:18
- Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар 10:00
- Семей, Түркістан және Жетісуда ірі жол жобалары биыл аяқталады 09:49
- Алматыда көлден оқ-дәрі салынған сөмке табылды 09:33