Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға мәлім. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында адам капиталын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері талқыланды. Президент еліміз коронавирус пандемиясының шарықтау шегінен өткенімен, індетпен күрес әлі аяқталмағанын атады, - деді ол.Сонымен қатар, ол президенттің алдағы уақытта білім саласына бөлінетін қаражат алты есеге, ғылымға бөлінетін қаржы жеті есеге өсіретінін айтып өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тәртібі туралы айта келіп, білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажеттігіне назар аударып, осы мерзімге дейін білім саласына бөлінетін қаражат алты есе, ғылымға бөлінетін қаржы жеті есе өсетінін айтты, - деді Жүніс Омар.Сонымен қатар, педагогтар мәртебесі артып, грантқа бөлінетін қаржы үш есе көбейеіп, медицина қызметкерлерін қолдау күшейетіндігін айта кетті.
Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын айтпасақ та көпшілікке белгілі. Жағымды хабар елдегі білім мен ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ. Бұл келешек ұрпақтың жақсы білім алып, білікті маман атануына, ұстаздар қауымы беделінің арта түсуіне зор мүмкіндік ашпақ, - деді Жүніс Омар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы