Білім министрі Универсиада жеңімпаздарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов XXX дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегелерімен кездесті. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өз кезегінде ҚР білім және ғылым министрі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне (Ғалымжан Джегельдиев, Олег Почивалов) алғыс хаттар табыс етті.   

 

«Бүгін Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін көтеруге және қазақстандық спортты дамытуға жеке үлес қосқан талантты жас спортшылармен кездесіп отырмыз. Осы жыл «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Қазақстан Республикасының көк туын жоғары көтерген жас спортшылардың жеңісі ел спортының дамуына серпін береді. Универсиадаға 115 жоғары оқу орындарының ішінен тек 62 университет қана қатысты. Менің ойымша, бұл өте аз. Осыған байланысты, мен ЖОО-ларды осы бағыттағы жұмысты күшейтуге және студенттерді спортпен айналысуға тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауға шақырамын. Біздің студенттеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жеңімпаз атанғаны үшін тағы да шын жүректен алғысымды білдіремін», - деді министр.


Айта кетейік, сала жазғы универсиада ойындары 3-14 шілде аралығында Италияның Неаполь қаласында өткізілген болатын. Оған әлемнің 118 елінен алты мыңға жуық студент спортшылар қатысты. Қазақстан намысын 94 спортшы қорғап, Универсиада қорытындысы бойынша жеті жүлделі орынмен оралды. Жалпы командалық есепте Қазақстанның студенттер құрама командасы 25-орынға тұрақтады. Ел құрамасының қоржынында 7 медаль бар (1 алтын, 1 күміс, 5 қола).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы