Білім министрі: Елімізде 11 мың «Болашақ» стипендиаты еңбек етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтіп жатыр. Іс-шарада ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады.
«Заманауи әрі сапалы адам капиталының болуы – кез келген мемлекет үшін аса маңызды. Ол инновациялық экономика құруға қажетті басты фактор. «Посткеңестік елдердің кадр даярлау жүйесі қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай келмейді» деген пікір қалыптасқан. Көптеген сын айтылды. Шынымен де, бұл сын орынды. Осы проблеманы шешу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары Қазақстан көптеген жұмыс атқарды. Бүгінгі күні біздің білім сапалы адам капиталын дамытуға негізделген. Оған президенттің «Болашақ» бағдарламасын мысалға келтіруге болады. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық «Болашақ» стипендиаты әлемнің үздік университеттерін тәмамдаған. Олар бүгінгі күні Қазақстанда еңбек етіп жатыр», - деді отырыста Асхат Аймағамбетов.Атап өтсек, бүгінгі пленарлық отырыс тақырыбы: «Адам капиталын дамыту». ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, 300-ге жуық мемлекеттік орган, ұлттық және трансұлттық компания басшысы, халықаралық және қаржылық ұйым өкілдері қатысып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баянауыл прокуратурасы 1 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы