Білім мен тәрбие: Құндылыққа негізделген мектеп қандай болады

Елімізде соңғы жылдары оқушы орны тапшылығын шешіп, білім сапасын жақсарту мақсатында жаңа білім ордалары салынып, ескі ғимараттар жаңартылып жатыр. Осы ретте 2019 жылы апаттық деп танылып, жаңадан ашылған елордадағы №8 мектеп-лицейіне бардық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектептің қазіргі жай-күйі қалай? Балалардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуы үшін қандай жағдай жасалып жатыр? Назарларыңызға мектептен фоторепортаж ұсынамыз.

Елордадағы №8 мектеп-лицейі Сәкен Сейфуллин көшесі, 50 мекен жайында орналасқан.

Дәл қазір біз көріп тұрған мектеп 2020 жылы пайдалануға берілген.

Мектеп басшысы - Гүлнұр Айтимова. Ол білім ордасын 2019 жылдан бері басқарып келеді.

№8 мектеп-лицейі 900 балаға шақталған. Бірақ қаламызда мектеп жетіспейтінден, білім ордасы екі кезеңде жұмыс істейді. Қазір мұнда 1 700 бала оқиды.

Екінші кезең сағат 14.00-де басталады.

Мектеп толығымен қауіпсіздік жүйемін қамтамасыз етілген. Директордың айтуынша, дабыл түймесі, турникеттер, бейнебақылау камералары жеткілікті.

Тіпті әр қабатта төтенше жағдай тұтқасы бар. Ол төтенше жағдайда қоңырау шалуға арналған. Оны тж болмағанда пайдалануға тыйым салынады.

Мектепке кірген кезден қабырғаларға, төбеге ілінген тәрбиелік мәні бар ойларға бірден көзің бірден түседі.

Мысалы, “Кімнің бойында тазалық құндылығы болса, үйдің үлкен-кіші, ескі-жаңасына қарамастан тазалықты сақтайды”, “Жұмыс үстелін, аяқ киімін, көлігін, тіпті телефонын таза ұстай алмаған адам өмірдің басқа салаларында таза болады дегенге сену қиын”, “Өзінің үстелін, киімін, шкафын реттей алмаған адам өз кәсібін ретке келтіре алады деу - аңғалдық”.

“Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы”.

Мектепте үзіліс кезінде де қоңырау үнін емес, оның орнына әдемі, жағымды музыка естисіз.

Ерте келген оқушылар осы бұрыштарда отырып, кітабын оқып, сабағына дайындала алады.

Оқушыларға бос уақыттарында дәлізде шахмат, тоғызқұмалақ ойнауға мүмкіндік бар.

Жоғарғы сыныптардың демалатын орны.

Мектепте ай сайын кабинеттер бір тақырып аясында безендіріледі. Мысалы, біз кірген сыныптар Наурыз мейрамы тақырыбына арналып безендірілген. Директордың айтуынша, наурызда күн салқын болғандықтан №8 мектеп-лицейінің оқушылары әз Наурызды енді мамыр айында тойламақ.

Бұл STEAM кабинет. Мұнда тұрған дүниелер балалардың қолынан шыққан. Олар өздері осы жерде істейді, үйлеріне алып кетіп, ата-аналарына сыйлайды.

Шығармашылық хаос. Өздері шашады, өздері жинайды. Осы жерде жобаларын, ойларын жүзеге асырады.

 

STEAM кабинетте технологияларды, құрал-жабдықтарды пайдаланып, суреттерін салып, эскиздерін жасайды.

Дәретханалар да талапқа сай жабдықталған.

Бұл ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған дәретхана. Жоғары қабатта ер балаларға арналған дәретханалар орналастырылған. Мектепте ерекше білімді қажет ететін 23 бала бар.

Әр дәретханада әдеп ережелері жайлы мәліметтер ілінген.

Инклюзивті кабинет 4 бөліктен құралған. Кабинет 2020 жылы мектеп ашылғанда құрылған.

Кітапханада кітап қоры жеткілікті. Былтыр 1,5 млн теңгеге оқушылардың сұранысы бойынша кітап сатып алынған. Мектеп әкімшілігі оқушыларға кітаптардың тізімін берген, содан балаларға қызықты кітаптардың тізімі құрастырылған.

Мектеп асханасы 1-қабатта орналасқан. Асханада күнделікті ас мәзірі әкімшілікпен келісіліп жасалады.

Балалар өз уақытында келіп, тамақтарын ішеді.

Мектеп дәлізінде фильтр де қойылған. Балалар кез келген уақытта таза су іше алады.

Сонымен қатар IT кабинетінде оқушылар өз жобаларымен айналыса алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы