Білім гранты конкурсына құжаттар қабылдау тағы бір күнге созылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған еді.

Алайда талапкерлерден құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге сәйкес келді. Осыған байланысты БҒМ құжаттарды қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, – делінген министрлік хабарламасында.

Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады. Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істеп отыр. Олар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн форматта тапсыруға жәрдем береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы