Білім беру саласында кейінгі үш жылда 11 млрд теңге ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесіндегі жемқорлық қатеріне сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылдан бастап осы саладағы қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен – 11 млрд теңге, оның 5,2 млрд теңгесі өтелді.

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Білім беру саласын әлеуметтік қолдау шараларына қарамастан, бұл – сыбайлас жемқорлық әрекеті ең көп болатын сала.

Жетісу облысынын өзінде ғана қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге ұрлаған. Қылмыстық топ құрамында басшы және екі білім беру бөлімінің бухгалтері, 13 мектеп бухгалтерлері бар. Мұндай қылмыстық схемалар елдің барлық аумағында анықталды. Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында ең ірі жымқыру фактісі тіркелді, – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, бюджет ақшасын жымқырудың мынадай тұрақты тәсілдері ашылды:

1. Қызметкердің жалақысына оның лауазымына қарағанда әлдеқайда көп ақша аударған.

2. Жалақы мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға аударылған.

3. Қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлемдерде басқа тұлғаның тегі көрсетілген.

4. Бір адамға ақша бірнеше рет аударылған.

5. Ақша «қайтыс болған адамдарға» – тұлғаның туыстары мен жақындарына аударылған.

Бұл әдістер бір схема арқылы жүзеге асырылады. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай қажет түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы