Білім беру саласында арнайы Ұлттық жоба әзірлеу керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті бірінші сессиясының ашылу барысында айтты.
Мықты инклюзивтік қоғамды қалыптастыру тиімді әлеуметтік саясат болып табылады. Адами дамыту индексі көрсеткіштері бойынша Қазақстан жетекші елдерден артта қалып келеді. Адами капиталдың жоғары сапасы барлық елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бүгінде тәуелсіздік ұрпағы барлық халықтың жартысын құрап отыр. Қазіргі жастар 2050 жылдағы Қазақстанның еңбек нарығын анықтайды. Олардың бәсекеге қабілеттілігінен елдің болашақтағы әлеуеті байланысты болады, - деді ол.
Мемлекет басшысы артықшылықтарды дұрыс қолдану керегін айтты.
Жастарға құйылған инвестиция жемісін береді. Соңғы уақытта біз білім беру саласындағы реформа бойынша алға жылжыдық. Алайда бірқатар мәселелерді шешу керек. Қазіргі таңда әлеуметтік топтар мен өңірлер арасындағы білім деңгейін теңестіру керек. Қазір қызметкерлерді қайта оқыту мен дамытуға көңіл бөлу керек. Осы мақсатта бірқатар Ұлттық жобаны әзірлеу керек, - деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сот корпусын едәуір жаңартып, түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек – Тоқаев
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы