Білім беру гранты конкурсына қатысуға құжаттарды тапсыру жалғасуда

13 шілдеде білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы офлайн форматта тапсыруға болады, сонымен қатар виртуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істеуде. 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім беру гранттарының конкурсына грантқа құжат тапсыруға келіп жатқан егіздер саны көп екен. Солардың бірі – Нұрбану мен Гүлбану. 

Егіздердің әкесі – Асқар Төлегенов. Мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Түркістан облысының Келес ауданы, Боссу ауылының тұрғыны әрі ұстаз қыздарымен бірге келіп, бүгін құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсырды. 

ҰБТ-да жоғары балл алдық. Құжаттарымызды бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ қабылдау комиссиясына грант конкурсына тапсырдық. Ұстаз болсақ деген үлкен арманмен келдік, - дейді егіздер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы