Білім беру гранттары байқауына өтініш 13 шілдеден бастап қабылданады

Негізгі ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлерден білім беру гранттара құжат қабылдау 13 шілдеде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметі бойынша талапкерлер өтінішін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жазылған, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Оның 79 мыңға жуығы бакалавриат бөлімінде білім алуға арналған.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажет құжаттар:

жеке куәлік;

ҰБТ сертификаты;

3×4 көлеміндегі фото;

орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);

№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;

ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;

жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы