Билікке қанында «алыпсатарлығы» бар адамдар жіберілмеуі керек! - қоғам белсендісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тортуыл Шоқан есімді қоғам белсендісі FACEBOOK-тегі парақшасында қазіргі қазақ билігін нақты кімдер басқарып отырғанын айтты.

Қоғам белсендісінің айтуынша, елдің тізгінін ұстап отырғандардың дені алыпсатар-коммерсанттар. Олар өзі халықтың әл-әуқатын жақсартудың орнына қызметін жеке басы, туысы, достары, таныстары, көңілдес-коллегаларына жағдай жасаумен ғана шектеліп отыр.

Билікке қанында «алыпсатарлығы» бар адамдар жіберілмеуі керек!
Жіберілген күннің өзінде олар «екінші басшы» деңгейінде қалып, толық қадағалауда болуы тиіс!

Ел басқару ісіне кіл идеолог-ғалымдар, болмысы мәдениетті, әдебиетке құмар жандар, ғылым қуған жастар, оларға жөн көрсете білетін білікті аға буын болуы керек! Тек алыпсатар-коммерсанттар емес! Бұлар қазына толтыру ісімен айналысқаны дұрыс. Жоғарыда атап көрсетілген жандар билікке келгенде ешқандай тұрмыс мұқтаждығын көрмей, шығындары қазына есебінен өтеліп, «халық тұрмысы жақсартудан» басқаны ойламауы керек!», - деп жазған ол.

Сонымен қатар, ол осындай жылпостардың кесірінен халықтың жағдайы неліктен жақсармайтынын мәселе ретінде қозғап өтті.

Қош, қазіргі биліктегілерді айталық. Н. Назарбаев басқарған жылдардағы басшылығының бұрынғысы мен кейінгісі Мұхаммедтің Мекке маңында жүріп алғашқы ислам мемлекеті негіздерін қалай бастағандағы айтқан «халықшыл» сөздері мен кейін көрші мемлекеттерге жасаған «ұтымды» жорықтары нәтижесінде байып, өзін құдай орнынан көріп бастаған Мединеге көшіп кеткен кезеңінде айтқан аяттары мен жалған мұғжизалары секілді.

Нұрағамның «өзім тәрбиеледім, «аңнан адам жасадым» деген менеджерлерінің көбі жемқорлық баптары мен сотталып кетіп жатыр.

Нұрағамның жалғыз-ақ ұтқаны - есепсіз байығаны ғана. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар бері еңсесі көтерілмеген халықтың бүгінгі жәй-күйі осы айтқаныма дәлел.

Билікте жүрген «коммерсанттардың» зияны сол - өзі халықтың әл-әуқатын жақсартуы керек қызметін жеке басы, туысы, достары, таныстары, көңілдес-коллегаларына жағдай жасаумен шектелуде!

Халық қызынасын сатуды, одан түскен пайданы «көкесі» мен бөлісуді ең басты қағидасы етіп алған ол «иттің баласының» халық пен ісі жоқ!

Жақсылығы мен жамандығы қатар жүрген, келмеске кеткен Кеңес үкіметінің тек жақсылығын келтірсе болар еді.

Қайсібір жобаның халыққа тиімділігін емес қалтасына қанша түсетінін лезде ойлап үлгеретін жылпостар бар да, халықтың әл-ауқаты жақсармайды.

Қоғамның қайсы бұрышына бармасаң да кездесетін жемқорлық індеті індеттердің бастауы!», - деп атап өткен ол өз жазбасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы