Билік басындағы тұлғаның жақындарына саясатқа ықпал етуге жол бермеген дұрыс – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев ҚҚДИ «Sarap» эксперттік клубы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Политолог» студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» атты бірлескен отырысында айтты.
Саясаттанушы жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келген адамның туыстары мемлекеттік қызметтен алшақтатылсын деген қаулысына қатысты пікір білдірді.
Бұл мәселені Қонституцияға қосу қаншалықты дұрыс екенін білмеймін. Бірақ Тұңғыш президенттің әулеті саясатқа араласқанын, олардың кейбірі қазір қылмыстық іске тартылып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан биліктегі тұлғаның жақындарына саясатқа ықпал етуге жол бермеген дұрыс. Яғни қазір туыстарды квазимемлекеттік салаға жолатпау қарастырылып отыр. Өз басым квази мемлекеттік саланы қолдамаймын, ол постсоветтік елдерде Ресей мен Қазақстанда ғана бар. Квази мемлекеттік сала экономиканың жеке бизнес саласының дамуын тежейді,-деді Чеботарев.
Сонымен қатар ол Президенттің партия құрамынан кеткенін немесе мүшелігін уақытша тоқтатқанын қолдайтынын айтты.
Егер бізде АҚШ, Ұлыбритания, Германиядағыдай саяси партиялар арасында бәсекелестік жоғары болып, билік басына әр партияның адамдары кезекпен келіп, ауысып отыратын жүйе болса, онымен келісуге болады. Қазақстан дамып келе жатқан жас мемлекет екенін ескеруіміз қажет. Дегенмен қандай да бір партия билік тарапынан басымдыққа ие болмауы керек. Тұғыш президент партияның төрағасы болды, сондықтан саяси партия үнемі дивидентке ие болып отырды. Енді президент саяси партиядан аулақ болса, еш партия бізді қолдамадың деп кінәламайтын болады, – деді ол.
Сарап клубының қатысушылары сондай-ақ Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасы бойынша өз пікірлерін білдіріп, қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған бірінші кезектегі шараларды атап өтті.