Билет алып сатумен айналысқан қызметкерлер жұмыстан шығарылады– Ұлттық тасымалдаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда жазғы маусымда жолаушы ағынының артуына байланысты билет жетіспеушілігі байқалады. Биыл компания осы аралықта 6 миллион жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл үшін барлық вагон паркі іске қосылатын болады.

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды бөтен күдікті тұлғалардың қызметін пайдаланбауға, ал билеттің заңсыз фактілерін байқаған жағдайда белсенді азаматтық ұстаным танытуға және қызметкерлері вокзалдарда тұрақты негізде болатын ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Желі полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес қоғамдық орындарда тиіскен жеке тұлғаға ескерту жасалады не болмаса бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Әкімшіліктік жаза салынғаннан кейін жыл ішінде қайта жасалса, әрекет қайталанса – он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл не болмаса бес тәулікке дейінгі әкімшіліктік қамақ қолданылады. Шетелдік не болмаса азаматтығы жоқ тұлға осындай әрекетке барса, онда бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, не болмаса бес тәулікке әкімшіліктік қамаққа жабылады не болмаса Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады.

«Компания қызметкерлерінің билетті заңсыз алып сату жағдайларына араласуы орын алса, онда тиісті, тіпті еңбек келісім-шартын бұзуға дейінгі шараларды қабылдау үшін айғақ болатын бейне және фото материалдарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына бағыттауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Жолаушылардың билетсіз тасымалдануының құқықтық салдары туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында барлық вокзалдарда «Начни с себя» және «Өзіңнен баста» бейнероликтері көрсетілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы