"Биікке шыққан ұнайды": Краншы қыздың жұмысы қалай өтеді

Құрылыс саласында 12 жылдан бері жұмыс істейтін краншы қыздың бір күні қалай өтеді. "Еңбекқор ел" жобасынан тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрылыс саласы ең жауапты және күрделі салалардың бірі. Биік ғимараттар, көпірлер, тұрғын үйлер, бәрі де құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ал осы құрылыстағы маңызды жұмысты атқарып, кран басқаратын сала мамандарының жұмысы ерекше. 

Көптеген адам краншы мамандығын ер адамдарға арналған кәсіп деп санайды. Алайда, өмірде өз жолын тауып, кез келген қиындыққа төтеп беретін батыл қыздар бар. 

Олар күн сайын биікке көтеріліп, ондаған, тіпті жүздеген тонна жүкті көтеріп, құрылыс нысандарын салуға өз үлесін қосады. Солардың бірі "Еңбекқор ел" жобасының кейіпкері – Раушан Бұтабаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы