Биік өкшелі аяқ киім денсаулыққа зиян - ғалымдар
Ғалымдар биік өкшелі аяқ киімнің зиян екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ MailOnline сайтына сілтеме жасап.
Мұндай аяқ киімді жиі кию балтыр бұлшықетінің кернеуіне әкеледі. Уақыт өте келе ол 13 пайызға кішірейіп, қатайып, жарақат алу мүмкіндігін арттырады.
Өкшенің кесірінен сәнқойлар тобық созып немесе сіңірлерін жыртып алады. Құлаған кезде кейбіреулері тістерін зақымдап, білектерін сындырады, - деп жазды MailOnline.
Биік өкшелі туфлиді жиі киетін көптеген әйелде көбіне аяқтың саусақтары мен табаны ауырады. Мұның себебі - аяқтың жоғары орналасуына байланысты қысым. Бұл қозғалуды қиындатады.
Биік өкше жиі киетіндерде өкше саңылаулары мен буындардың қозғалғыштығы да төмендеуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраудағы қамыс өртінің аумағы 40 гектарға азайды
Өзгелердің жаңалығы