Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әлем чемпионатында екінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тарихында тұңғыш рет 17 жастағы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында шахматтан әлемнің вице-чемпионы атанды.

Ол 11 турдан 8,5 ұпай жинап, 2452 балдық перформансты көрсетті. Бибісара әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюкті жеңді.  

Ал қазақстандық Әсел Серікбай 5-орынды иеленді. Жансая Әбдімәлік, Меруерт Камалиденова және Назерке Нұрғали  11, 72 және 80 орындарды иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы