15 Тамыз 2022 2022, 16:45 Фото: Время

Бибісара Асаубаева неге Қазақстанда тұрмайтынын түсіндірді

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева неге Қазақстанда тұрмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева неге Қазақстанда тұрмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде бойжеткен тұрғылықты еліне қатысты сұрақтардың жиі қойылатынын жазды.

 Сұраққа Instagram желісінде жауап берді.

Неге мен Мәскеуде тұрамын деген сұрақтар көп. Мен Қазақстанның атынан ойнаймын, бірақ жаттықтырушыларым Ресейде болғандықтан сол жақта жаттығамын, - деп түсіндірді Бибісара.

Асаубаеваның айтуынша, ол үшін тұрғылықты жері маңызды емес.

Мен қай елде тұратыным әлі белгісіз, қазір әлем тұрақсыздықта. Бастысы, жақын адамдарым қасымда болса, - деп түйіндеді ол.