Бүгiн 2026, 15:48 Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бибісара Асаубаева ФИДЕ әлемдік рейтингінде 7-орынға көтерілді

Үміткерлер турнирінен кейін қазақстандық шахматшы екі саты жоғарылады.

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қорытындысы бойынша ФИДЕ-нің әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Кипрдің Пафос қаласында өткен жарыстан кейін спортшы екі сатыға жоғарылап, енді 7-орынды иеленіп отыр. Оның рейтингі 2527,2 баллды құрады (+11,2).

Әлемдік рейтингтің көшбасында Қытай өкілдері – Хоу Ифань, Лэй Тинцзе және Цзюй Вэньцзюнь тұр.

Үздік ондыққа сондай-ақ Чжу Цзиньэр, Александра Горячкина, Хампи Конеру, Анна Музычук, Тань Чжунъи және Катерина Лагно енген.

Осылайша, Асаубаева беделді турнирден кейінгі нәтижесі арқылы әлемнің ең мықты шахматшылары қатарындағы орнын нығайтты.