Бибігүл Асылова Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады. 

1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді. 

1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді. 

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы