7 Қараша 2026, 22:56 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды

Ол 70 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жарыстар басталды.

7 қарашада Қазақстан құрамасының өкілі Бибарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Ливия боксшысы Мохамед Джихадты мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, отандасымыз жарыстың ширек финалына шықты.