Биатлоннан Қазақстан құрамасы Еуропада қалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық биатлоншылар Еуропада дайындығын жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан биатлоншылар одағы хабарлады.

Короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдыртпау, сондай-ақ Жаңа жылдан кейін шетелге шығуға тыйым салынса, елден шығу мүмкіндігі болмай қалу қаупі болғандықтан ҚР биатлоншылар ұйымы басшылығы Қазақстан құрамасын Еуропада қалдыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар спортшыларға ұлттық виза беріліп Еуропада шексіз қалуға мүмкіндігі пайда болғаны туралы хабарлады. 

Бұл Словениядағы биатлон федерациясы мен Поклюка қаласы биатлон базасымен келіссөздердің жүргізілуі арқасындағы іске асты. Құрама 20 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, ол жерден тікелей Германиядағы әлем кубогының келесі кезеңіне кедергісіз жете алады. Осылайша құрама алдағы ақпан айында словениялық Поклюка қаласында өтетін әлем чемпионатына толыққанды дайындықтарын өткізе алады, - делінген хабарламада.

Құрама тізімі: Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Сергей Сирик, Александр Мухин, Дастан Делдеш, Данил Белецкий және оларға ҚР Кубогының 2-кезеңінің жеңімпаздары Киреев Владислав пен Ахатова Людмила қосылады.

Жаңа жылдан кейін құрама қатарын Климина Дарья мен Вишневская Галина толықтырады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы