Биатлоннан дәстүрлі халықаралық турнир өткізілмейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан жыл сайын Германияның Гельзенкирхен қаласында ұйымдастырылатын «Рождестволық жарыс» өткізілмейтін болды.
Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар хабарлады. Турнир коронавирус індетіне байланысты өткізілмейді. Германия билігі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ел ішінде қандай да бір ірі жарыс өткізуге тыйым салған. Биылғы турнир келесі жылға шегерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ресей Қазақстанға экспортталатын қант көлеміне шектеу қойды
Өзгелердің жаңалығы