13 Қаңтар 2025 2025, 14:11 Фото: olympic.kz

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды

Биатлоннан Оберхофте (Германия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Биатлоннан Оберхофте (Германия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс бағдарламасының соңы аралас эстафета болды. Бұл сайыста Қазақстан атынан Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Полина Егорова және Арина Крюкова өнер көрсетті.

Біздің биатлоншылар 18-ші орынға тұрақтады.

Жеңісті Швеция құрамасы қанжығасына байлады. Франция екінші болып келсе, үздік үштікті Норвегия қорытындылады.