Биатлоннан әлем кубогінің кезеңі көрерменсіз өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан германиялық Оберхофтағы Әлем кубогының кезеңі елдегі шектеулерге байланысты көрерменсіз өтеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Оберхофтағы жарыстар 3-9 қаңтар арасында өтеді. Германияда 12 қаңтарға дейін трибунада көрермендер болуына тыйым салынған. 

Әлем кубогы кезеңінің ұйымдастырушылары Рупольдингтегі жарысқа көрермендер кіре алады деп үміттенеді, мұнда тек әйелдер спринті шектеуге тап болып отыр, бұл сайыс 12 қаңтарда өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы