Биатлоннан әлем чемпионатында ел құрамасының нәтижелері қандай

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында масс-старт жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында Қазақстанның намысын Мария Польдяева қорғады. Ол 60 спортшының ішінде 20-орынға ие болды.

Чемпион атағын швед спортшысы Сара Андерсон жеңіп алды. Күміс жүлдені франциялық Анаэль Бондю иеленсе, қола жүлде украиналық Олександра Меркушинаға бұйырды.

Ерлер арасында Егор Гребенщиков 47-орынға, ал Владимир Конивец 58-орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша норвегиялық Каспер Калькенберг жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені финляндиялық Джимми Клеметтинен, ал қола медальді чехиялық Пётр Хак еншіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы