15 Қараша 2020 2020, 11:44

Биатлоннан әлем чемпионатын өткізетін қалалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан 2024 және 2025 жылғы әлем чемпионаттарын қабылдайтын қалалар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан 2024 және 2025 жылғы әлем чемпионаттарын қабылдайтын қалалар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

2024 жылғы дода Чехияның Нове-Место қаласында өтеді. Ал 2025 жылғы біріншілік Швейцарияның Ленцерхайд қаласында ұйымдастырылмақ.  Әлем чемпионатын қабылдайтын қалалар Халықаралық биатлон одағының конгресінде таңдалды.