BI Group бірнеше ауруханаға өкпені желдету аппараттарын берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BI Group заманауи жабдықтарды Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Кентау қалаларындағы медициналық мекемелерге тапсырды.

Құны 23 миллион теңгеден асатын, алдыңғы қатарлы Hamilton T-1 (Швейцария) өкпені жасанды желдету құрылғысы ел астанасындағы № 2 перинаталдық орталықта орнатылған. Drager V300 (Германия) ӨЖЖ жабдығы Шымкенттегі науқастардың өмірін құтқаруға септігін тигізуде. Ал елордалық №3 балалар ауруханасы болса 15 миллион 400 мың теңгеге коронавирустың РНҚ-сын анықтау үшін реагенттер жиынтығын алды. Компания атынан жалпы құны 130 миллион теңгеден асатын қаражатқа желдету құрылғылары, ПЦР тестілеуін өткізу үшін реагенттер және оттегі концентраттары берілді, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, 13 шілдеден бастап медицина қызметкерлерінің балаларына арналған онлайн лагерь жұмысын бастайды. 

Алдыңғы шепте коронавирус індетімен күресіп, өз жақындарын айлап көрмеген дәрігерлердің бала тәрбиесі мен оқуына көңіл бөлетін мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ата-ана назарынан тыс қалған балаларға Online Summer Cump құру бастамасы қолға алынды. Әрқайсысы 25 баладан тұратын 6 топ 12 күн бойы ағылшын тілін үйреніп, жаңа дағдылар мен жаттығуларды меңгеретін болады, - делінген хабарламада.
Медициналық ұйымдарға шамадан тыс жүк түскенде қалалық call-орталықтардың коронавирустың алдын алу және сауығу шаралары туралы өзекті және шынайы ақпараты маңызды мәнге ие. 

BI University корпоративтік университеті жүйелі түрде осы тақырыпқа вебинарлар өткізуде. Осы аптада медицина қызметкерлері үшін арнайы күйзеліске төзімділік бойынша вебинарлар өткізіледі. 

Осындай қиын кезеңде компания бес жұлдызды Hillton қонақ үйін көмек көрсету мақсатында ақысыз берген болатын. Онда алдымен басқа елдерден келген жолаушылар екі апталық карантинге орналастырылса, одан кейін қонақ үйде бірнеше ай бойы медицина қызметкерлері тұрды. BI Group біздің заманымыздың батырларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражатынан бас тартқан еді. Құрылыс саласы мен бүкіл ел бастан кешіп отырған жағдайға қарамастан холдинг медицина қызметкерлеріне мүмкіндігінше әрі қарай да көмек көрсетуге ниетті. Біз барлық бейжай қарамайтын азаматтар мен кәсіпкерлер бізге қолдау көрсетеді деп үміттенеміз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы