БҒМ сайлау жұмысына тартылған мұғалімдерге қатысты сұраққа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова сайлау процесіне жұмылдырылған мұғалімдер туралы айтты.

Брифинг барысында вице-министр журналистің сайлау процесіне жұмылдырылған мұғалімдерге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Әр мемлекеттің органның өзіне тиісті құзыреттілігі бар. Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне сайлаудың мәселелір сұрақтарын қарастыру құзыреті берілмеген. Сондықтан әрине Білім және ғылым министрлігі мұндай жұмысты жүргізбейді. Ия, «Педагог мәртебесі» заңы қабылданды. Заңның аясында мұғалімдерді тиісті емес жұмыстарға тарту қарастырылмайды. Бұл бойынша фактілер болса, министрліктің жергілікті органдарында орналасқан департаменттері (министр – Сапаны қамтамасыз ету департаменттері) бұл мәселені түбегейлі қарастырады. Егер мұғалімдердің тарапынан осындай сұрақтар келіп түскен жағдайда оларға тиісті шаралар қабылданады, - деп жауап берді Каринова.

Сондай-ақ, вице-министр сайлау жұмыстарына қатысу әркімнің өзінің азаматтық шешімі деп толықтырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы