БҒМ олимпиадада балағат сөздер жазылған тапсырмаға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі жеке тұлғалар өткізетін олимпиадалардағы тапсырмалар туралы айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 3-сынып оқушылары үшін онлайн олимпиадада тапсырмада балағат сөздер кездескені туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты Білім және ғылым министрлігі ресми түсініктеме берді.
ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ibilim.kz онлайн олимпиадасының ұйымдастырушысы емес және бұл олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге еш қатысы жоқ. Мұндай деңгейдегі олимпиадаларды жеке тұлғалар ұйымдастырады. Бұған дейін министрлік бірнеше рет жеке олимпиадаларға қатыспауға кеңес берген болатын. Сонымен қатар олар ақылы негізде өткізіледі. Сіздерді мұқият болуға шақырамыз, - делінген министрліктің баспасөз қызметінң хабарламасында.
Министрлік «Дарын» РҒПО ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген Тізбеге енгізілген іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты екенін еске салды. Сондай-ақ олардың барлығы тегін өткізіледі.
Тізіммен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100007355