БҒМ-ның ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ – Шолпан Каринова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда білім берудің барлық деңгейлеріндегі олимпиадаларды өткізу туралы» тақырыбында сөйлеген сөзінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
Брифинг барысында вице-министр қоғамда жиі талқыланып жүрген бірқатар мәселеге тоқтала кетті.
Бүгінгі күні қазақстандық білім беру нарығында жекеменшік кәсіпорындар, жекеменшік ұйымдар да осы (Олимпиада, жарыс ұйымдастыру – Baq.kz) қызметтерді ұсынып жүр. Олар әртүрлі ақпарат көздері арқылы ата-аналарға да, оқушыларға да, мұғалімдерге де, мектептерге де ақпараттарды толығымен жеткізіп тұрады, - деп атап өтті Шолпан Каринова.
Оның сөзінше, бұл қызмет көрсету саласы лицензияланбайды. Сонымен қатар министрлік тарапынан ресми рұқсат алуды қарастырмайтын қызмет түрі.
Тәжірибе бойынша бұл конкурстар ақылы түрде өткізіледі. Оларға қатысу үшін ата-аналар өз қаражаттарын салады не басқа шығыс көздері қарастырылады. Бұл жарыстардың деңгейі де әртүрлі. Олардың ішінде өте нашар ұйымдастырылатын конкурстар бар екенін ата-аналар да, мұғалімдер де, мектептерде атап келеді, - дейді вице-министр.
Сондай-ақ ол балаларды даму тұрғысынан қызықты және танымды етіп ұйымдастыратын олимпиадалар да жоқ емес екенін айта кетті.
Көбінесе бұл ұйымдар олимпиадалар атауын министрліктің олимпиадалар тізбесінде бекітілгендей етіп алады. Бірақ БҒМ-ның бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтемін. Сондықтан балалар мен олардың ата-аналары, мұғалімдер мен мектептер олимпиадалар мен конкурстарды таңдаған кезде мұқият болуы керек, - деп түсіндірді БҒМ өкілі брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда науқастар Халық Аренаға жатқызылмайтын болды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы