БҒМ мектептерді тексеру кезінде қандай проблемалар анықталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев білім беру ұйымдарында анықталған кемшіліктер туралы ақпарат берді.

«Балалар жылы» аясында барлың өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу жөніндегі тапсырманы орындау үшін комитет биылдың 28 ақпаны мен 11 наурызы аралығында жұмыс жүргізді. Комитет 6 өңірдің, атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарын зерделеді, - деді ол.

Жекебаев 8 блок бойынша 218 нысанның қызметі тексерілді. Мониторинг топтарының құрамына 109 маман тартылғанын айтты.

Ол өңірлерде анықталған негізгі проблемаларға тоқталып өтті.

Бейнебақылау жүйелері білім беру объектілерінің стандарттарына сай келмеуі, камералардың істен шығуы, мамандардырылған күзеттің, дабыл түймелерінің болмауы, серверлер күзетілмейді, күзет және директор бейнекамералар бойынша болып жатқан оқиғаларды бақыламайды, бейнежазбаның сақталу мерзімдері талаптарға сәйкес келмейді немесе мониторингке бекітілген лауазымды тұлғаның жоқтығы мәселелері бар, - деп түсіндірді БҒМ өкілі.

Дулат Жекебаев ұлттық жобада білім беру мекемелерін ауызсумен, жылы дәретханамен, қол жууға арналған негізгі заттармен қамтамасыз ету туралы айтылғанын жеткізді.

Тексерілген мектептердің 40%-ында жылы дәретханаларында проблемалар бар. Яғни жөндеуді қажет ететін кәріздер жетерлік. Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету, жарық, желдету жүйесінде де проблемалар бары анықталды. Тіпті физика, химия кабинеттерінде су жоқ. Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаты санитарлық талаптарға сай келмейді. Онда материалдық-техникалық базаның жарамсыздығы мен сапасыздығы анықталды, - деп айтты ол.

БҒМ өкілі басқа да өңірлердегі білім мекелеріндегі проблемалар туралы толығырақ ақпарат берді.

Ол өз баяндамасында Ақмола облысы Алексеевка ауылындағы мектепте сынған дәретхананың жанында азық-түлік сақталғаны туралы айтып, презентациясында суреттерін көрсетті.

Осындай қорқынышты жағдай бар. Кез келген уақытта мектепте жаппай улану болуы мүмкін. Бұл жұмысты тиісті дәрежеде жүргізу үшін қомақты қаражаттың қажеті жоқ, ол үшін тек басшы бақылау жүргізгені жеткілікті, - дейді Дулат Жекебаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы