БҒМ биыл мектептер қанша оқушыны қабылдайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 2021-2022 жаңа оқу жылында мектептерге қанша оқушы баратынын хабарлады.
Жаңа оқу жылын қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта бастау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдар штаттық жұмыс режиміне оралды. Осы оқу жылында 7 мыңнан аса мектеп шамамен 3,6 млн оқушыны қабылдайды. Оның ішінде 380 мыңға жуық бала 1-сыныпқа қабылданады, - деді вице-министр.Айтуынша, штаттық режимде оқытуды бастау үшін Білім және ғылым министрлігі мектептер жүктемесіне үлкен талдау жүргізген.
Бүгінгі күні Ұлттық білім беру деректері бойынша мектептердің 95%-ының жобалық қуаты мен оқушылар саны барлық санитарлық талапты сақтай отырып оқуды толық дәстүрлі форматта бастауға мүмкіндік береді. Мұндай мектептерде оқушылардың 81%-ы білім алып жатыр, - деп атап өтті ол.Сонымен бірге мектептерде кейбір пән қашықтан оқытылады.
Оқушы орындарының тапшылығы бар үшауысымды 300-ден аса мектеп бар. Бұл жалпы мектептердің 5%-ын құрайды. Бұл мектептерде бүгінгі күні оқушылардың 19%-ы білім алатыны жоспарланып отыр. Осы мектептерде қосымша шаралар арқылы кейбір пәнді қашықтан оқытып, икемді кесте бойынша штаттық түрде оқыту жүргізіледі. Ауысымдар мен кіші ауысымдар ұйымдастырылады. Ал негізгі пәндер бұл мектептерде штаттық форматта оқытылады, - деп түсіндірді Каринова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы