БҒМ Алматыдағы 8-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҒМ Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайтыс болған 8-сынып оқушысының жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ ведомство тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайғылы жағдайда қаза тапқан 8-сынып оқушысының ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр.
БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен байланыста. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді, - деді БҒМ баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданады. Сондықтан тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күтуіміз қажет.
Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы болып табылады, - деп жазды БҒМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы