БҒМ 800 мектептің қалай салынатыны туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 800 мектептің қалай салынатыны туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай кемінде 800 мектеп салу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бүгін Nur Otan партиясының алаңында кездесу өтті. Nur Otan партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің өкілдерімен осы тапсырманы іске асыру барысы талқыланды, - деді вице-министр Facebook-тегі жазбасында. 

Білім және ғылым министрлігі ЖАО-мен бірлесіп 800 мектепті іске қосудың егжей-тегжейлі жоспарын жасады.

Асылованың сөзінше, биыл 200 мектеп, 2022 жылы тағы 200 мектеп, 2023 жылы 170 мектеп, 2024-2025 жылдары тиісінше 230 мектеп, 143 және 87 мектеп іске қосылады деп күтіліп отыр.

Мектеп құрылысын келесі механизмдерді қолдану арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

- Бірінші тетік – бұл мемлекеттік бюджет есебінен нысаналы құрылыс (267 мектеп).

- Екінші тетік – жекеменшік мектептер мен интернаттар желісін дамыту (232 мектеп).

- Үшінші тетік – МЖӘ тетігі (101 мектеп).

- Төртінші тетік ретінде модульдік конструкциялардан мектеп салу, яғни тез тұрғызылатын ғимараттар (200 мектеп) таңдалды.

Жалпы 800 жаңа мектептің пайдалануға берілуі бүкіл ел бойынша 432 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Аталған жоспар жергілікті атқарушы органдармен бекітілді және келісілді. Әкімдіктер 800 мектептің құрылысына тікелей жауапты. Бюджеттен қаражат қарастырылған. Мектеп құрылысы бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр, - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы