Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада 19 мың волонтер жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жалпы есебі 19 мың волонтер жұмыс істейді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл туралы бейсенбіде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді. 

Қазіргі таңда қысқы Олимпиада ойындарында 19 мың волонтер қатысуда. Алдағы күндері қытай халқының қонақжайлығынан ләззат алыңыздар, - деді ол. 

Айта кетелік, Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы