Бейжіңдегі өрт: 21 адам қаза тапты
Бейжің ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, өрт 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінің шығыс қанатынан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.
71 науқас эвакуацияланған. Қазір 21 адамның қайтыс болғаны белгілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбенің жолы қашан жақсарады?
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы