Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аясындағы жарыс билеттері құрлықтағы Қытайда тұратын жанкүйерлер арасында сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қысқы Олимпиада аясындағы жарысты көргісі келетіндер ковидке қарсы хаттамаларға сәйкес болуы тиіс. Билеттерді сату мәселесі талқылау және өңдеу сатысында, олар туралы ақпарат кейінірек жарияланады. 

Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Олимпиаданың коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын өткен барлық спортшы мен қатысушы Бейжіңге келген соң жабық цикл жүйесінде орналасады. 

Ал вакцина алмаған спортшы Қытай астанасына келген соң 21 күндік карантинге жатқызылады. Вакцина алмаған атлеттер вакциналаудан бас тартудың медициналық негіздемесін ұсынса, олардың ісі бөлек қаралады. 

Бейжіңге келіп жететін барлық қатысушы (спортшылар мен атлеттермен Олимпиада ауылдарында бірге еріп жүрген делегацияның кейбір тұлғаларынан басқа) ұйымдастырушылар белгілеген ковидке қарсы шараларға сәйкес келетін қонақүйлерде тұрады. 

Ойындардың барлық қатысушы мен қызметкерінен күн сайын коронавирусқа қарсы тест алынады. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-22 ақпан күндері, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурызда өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы