Бейжіңде тұрғындар көшеге шыға алмай отыр

Қытай астанасы Бейжің көшелерін басқан су кетер емес, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қаланың оңтүстік-батыс ауданында адамдар үйінің ғимаратынан шыға алмай қалды. Оларды қазір құтқарушылар қайықпен тасымалдап жатыр. Сондай-ақ елдің оңтүстігіндегі 7 ауыл судың ортасында қалып, 4300-ден астам тұрғын қамалып отыр. 

Оларды құтқару үшін билік 100 маманнан құралған топтар жасақтап, 30 қайық пен 80 автобус бөлді. 

Бізді құтқару операциясы 2 сағатқа созылды. Тасқын салдарынан жарықсыз және ауыз сусыз қалдық. Ұялы телефонымыздың батареясы отырып қалды. Сондықтан құтқарушылар өздері келмесе, тұрғындар байланысқа мүлде шыға алмайды, - деді жергілікті тұрғын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы