Бейжіңде консулдық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Акатаевтың басшылығымен қазақстандық делегация консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Қытай консультацияларының 21-ші раундына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ-ға сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең сұрақтары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар екі елдің азаматтары үшін өзара қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады, сондай-ақ визалық режимді жеңілдету бойынша пікір алмасты.
Бейжіңдегі консультациялардың қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық дипломаттар екі ел азаматтарының игілігі үшін консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ФИФА президенті Қазақстанға келеді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы