Бейжіңде дауыс беріп жатқан студенттер көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшіcі. Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып, дауыс беріп жатқан жастар көп.

"Елімізде «Жастар жылы» жарияланғаны Пекиндегі Қазақстанның елшілігіндегі студенттердің ағынынан ақ байқауға болады. Ең алғашқылардың қатарында келіп, өз болашақтарына дауыс беріп жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі телеграм каналында.

Бұдан бөлек ведомство Гонконг, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Оңтүстік Кореяда дауыс беріп жатқан отандастырымыздың фотосын жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы