Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумы басталды

Бейжіңде Халық мәжілісі үйінде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі үшінші форумының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі үшінші форумының негізгі іс-шарасы басталды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

17 қазан күні Халық мәжілісі үйінде «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумына қатысушы делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өткен болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин салтанатты түрде қарсы алды.

Салтанатты шараға сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар ул-Хак Какар, Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан халық мәслихаты төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, сондай-ақ бірқатар басқа елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы