Бейжің Олимпиадасында ирандық спортшыдан допинг анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада бірінші оң нәтиже көрсеткен допинг сынама анықталды, деп хабарлады vesti.kz.
Халықаралық допингке тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап отырған "Чемпионат" порталының хабарлауынша, Иранның тау-шаңғышысы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған.
36 жастағы спортшы Қысқы ойындардың ашылуы салтанатында Иран туын ұстап шыққан. Қазір ол жарыстан уақытша шеттелді.
Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочи Олимпидасына қатысқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Бас қалада ұжымдық иммунитет қалыптасқаны рас па?
Өзгелердің жаңалығы