Бейжің Олимпиадасында допинг қолданған спортшының кінәсі дәлелденді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада допинг-сынамада оң нәтиже көрсеткен спортшыны Спорттық арбитраждық соты кінәлі деп таныды,деп хабарлады 24.kz.
Тестілеуден кейін ирандық шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшының сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиті табылған.
36 жастағы Хуссейн Савех-Шемшаки Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран елінің туын алып шыққан. Қазір ережеге сәйкес ол жарыстан шеттетілген.
Савех-Шемшаки – танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында балықтар қырылуда
Өзгелердің жаңалығы