Бейжің Олимпиадасына еліміздің 48 спортшысы баруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы ақпанда өтетін Қысқы олимпиадаға 48 спортшы баруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір шайбалы хоккейден қыздар арасында этаптық сайыстар өтіп жатыр. Егер финалға шығып, жолдама ұтып алса, Бейжіңде 70-тен астам отандасымыз өнер көрсетеді. Алайда солардың арасында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының бірде-бір өкілі жоқ.

Жалпы Қазақстан Қысқы олимпиадаларда 8 медаль иеленген.

Бейжіңдегі бәсекеге 128 күн қалды. Жарыс Қытайдың 3 қаласында, 15 спорт түрі бойынша өтеді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы