Бейжің-2022. Отандасымыз финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхард Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін фристайл-могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңдері өтті. Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхард қатысты. Іріктеу кезеңінде 74.90  ұпайын еншілеген Дмитрий Рейхард финалға шықты. Ал Павел Колмаков іріктеу кезеңін 11 орынмен аяқтады. 

Айта кетерлігі, финал елорда уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы