Бейжің-2022. Олимпиада алауы жағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай астанасында ХХIV Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. 

Ел намысын қорғауға Бейжіңге еліміздің құрамасынан барлығы 34 спортшы аттанды. 

Дүбірлі аламанға әлемнің 90-нан астам мемлекетінен спортшылар қатысады деп күтілуде. 

Спортшылар алтын, күміс және қола медальдарға таласады. Айта кетерлігі, медальдар 2008 жылы Бейжіңде өткен Жазғы Олимпиаданың жүлделеріне ұқсас. Қытай астанасы қысқы және жазғы ойындарды өткізіп отырған әлемдегі ең алғашқы қала екені белгілі. 

 Аспанасты еліндегі дүбірлі сайысқа алғаш рет Сауд Арабиясы мен Гаити де спортшыларын үкілеп қосып отыр.  Ал спортшыларының саны жағынан АҚШ көш басында тұр. 223 атлет мұхит асып Бейжіңге келген. Канада да қысқы ойындарға 215 спортшысын қатыстырып отыр. Ресейден 212 спортшы бақ  сынасады. Ал Қытай атынан 177 атлет қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы